«Рәміздер тәуелсіздік тірегі»
09-10-2019 19:20
«Рәміздер тәуелсіздік тірегі»

        Елбасы "Мемлекеттік рәміздер – бұл біздің мемлекетіміздің, біздің егемендігіміздің берік негізінің бірі. Олар Тәуелсіздіктің қасиетті біріктіруші образын білдіреді" деген. 2019 жылдың 4 маусымы күні Оқушылар сарайының «Балауса-2019» жазғы демалыс орталығында «Рәміздер-елдігімнің белгісі» «Рәміздер тәуелсіздік тірегі» атты танымдық ойындар өткізілді. Мақсаты Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту. Оқушыларды Отансүйгіштікке, адамгершілікке, мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеуге, тарихын білуге тәрбиелеу. Ойынға № 2 лицей, ЖББ №8,9 орта мектебі, №15 мектеп-лицейі, қатысты. Ойын 5 кезеңнен тұрды: «Сөз ойла, тез ойла», «Тарихи күнтізбе», «Сиқырлы қалам», «Рәміздер», «Кім зерек?». Жарысқа қатысушы сайыскерлер өздерінің сөздік қорын байытып, біраз мәліметтер жаңа ақпараттар білді. Оқушылар әр кезеңге қызығушылықпен қатысты.