Жүзден жүйрік
09-10-2019 19:21
Жүзден жүйрік

        Жаз - балалардың шығармашылық қабілетін, ой-санасын дамытып, денсаулығын нығайтатын кезең. 2019 жылдың 5 маусымы күні Оқушылар сарайының "Балауса-2019" жазғы демалыс орталығының ұйымдастыруымен қалалық "Жүзден жүйрік" станциялық ойын өткізілді. Мақсаты: балалардың дене қимылдарын жетілдіре отырып, бірлесе қимылдауға, ауызбіршілікке жетелеу. Топпен жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа, шыдамдылыққа, әдептілікке үйрету. Ойын "Сельфиға түсу", "Сиқырлы қорап", "Пазл құру", "Фантазия" сурет салу, "Әуен және би", "Логика" шашки бағыттау парағы арқылы станциялардан өтті. Қорытынды нәтижесі бойынша:
І орын - №7 мектеп-гимназиясы "Алау" лагері
ІІ орын - №16 орта мектеп "Күншуақ" лагері
ІІІ орын - №15 мектеп-лицейі "Балдәурен" лагері