«Кел, ойнайық!»
09-10-2019 19:22
«Кел, ойнайық!»

    2019 жылдың 5-ші маусымында Оқушылар сарайының «Балауса-2019» жазғы демалыс орталығында «Кел, ойнайық!» эстафеталық жарыс ұйымдастырылды. Эстафеталық жарыстың мақсаты балаларға салауатты өмір салтын ұстауға дағдыландыру, топпен жұмыс істеуге үйрету, қозғалыс ойындарына, спортқа қызығушылықтарын арттыру. Эстафеталық жарыс «Шалқан»,«Көңілді шарлар»,«Допты бер»,«Картоппен жүгіру», «Бәріміз бірге» кезеңдер бойынша өтті.Эстафеталық жарыстың қорытындысы бойынша I орын «Балбұлақ» тобы ЖБТМИ, II орын «Торнадо» тобы №4 орта мектеп иеленді.