"Өнерлі он саусақ"
09-10-2019 19:25

     2019 жылдың 07 маусым күні Оқушылар сарайының «Балауса» жазғы демалыс орталығында қала мектептерінің жанынан ашылған демалыс орталықтарына «Өнерлі он саусақ» атты коллаж байқауы ұйымдастырылды. Мақсаты: Балалардың қызығушылығын арттыру. Жан-жақты дамуы, өнерге, ұқыптылыққа, шеберлікке тәрбиелеу. Байқау "Таныстыру", "Қандай жұмбақ болса да, шешпей оны қоймайық", "Өнерлі он саусақ" атты шығармашылық кезеңінен құралды. «Барыс» және «Қыран» тобы болып бөлінген балалар қызықты тапсырмаларды орындап, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Қорытынды бойынша:
І орын - «Барыс» тобы
ІІ орын - «Қыран» тобы