«Бас қала – Нұр - Сұлтан»
09-10-2019 19:26
 «Бас қала – Нұр - Сұлтан»

           2019 жылдың 5 шілде күні Оқушылар сарайының "Балауса" жазғы демалыс орталығының ұйымдастыруымен 6 шілде Қазақстан Республикасының астанасы күніне орай «Бас қала – Нұр - Сұлтан» атты ойын бағдарламасы ұйымдастырылды. Мақсаты: Отан алдындағы жауапкершілікті сезіну қабілеттерін, еліне деген суйіспеншілік пен құрметті нығайту, Қазақстанның түрлі саладағы жетістіктеріне мақтанышын және жеке табыстарға жетуге деген ниетін қалыптастыру. Ойын бағдарламаға «Шапағат», «Шұғыла» клубтарының тәрбиеленушілерінен 2 топ қатысты. Ойын "Айырмашылығын" тап, "Қызыл, сары, жасыл", "Суретшілер", "Мозаика", "Лабиринт", "Аппликация" кезеңдері бойынша бақ сынасты. Әр кезеңде балалар өздерінің тапқырлықтарымен белсене қатысты.
Ойын қорытындысы бойынша:
І орын - «Шұғыла» тобы (жет.Шакенова Қ.А.)
ІІ орын - «Шапағат» тобы(жет.Ашимханова А.А.) марапатталды.