«Үнді күні»
09-10-2019 19:28
 «Үнді күні»

       Үндіс - бұл Америкада тұратын және жүздеген тайпалардың саны бар ежелгі адамдар. Үнді мәдениеті өте бай және жұмбақ. Олар қалаларды, алдымен телеграфты ойлап тапқан, керемет аңшылар, шабуылшылар болған. Осыған орай «Балауса» жазғы демалыс орталығының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 14 маусым күні қала мектептері жанынан ашылған демалыс орталықтары арасында қалалық саябақта «Үнді күні» сайысы өткізілді.
Сайыс барысында Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері "Қауіпсіз жаз" акциясын кішкентай балаларға түсіндіріп өтті. Акция мақсаты табиғаттағы, жолда жүру қауіпсіздігі,судағы және өртке қарсы қауіпсіздіктің алдын алу. Балаларға қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша жаднамалар мен үндеу хаттар таратылды.
Үнділер «Мерген көз», «Тапқыр болсаң тауып көр », «Вигвам құрлысшылары», «Тайпа биі », «Тайпа дауысы», «Таныстыру», «Шамандар», «Ізшіл» бекеттерден тұрды. Әр бекетте балаларды түрлі сынақтар күтті. Сайысқа 200 ден астам демалыс орталығының балалары қатысты.
Сайыс қорытынды бойынша :
Бас жүлде –«ИОХО - ЧО» тобы (ЖБТМИ)
І орын – «Апачи» тобы (№16 орта мектеп)
ІІ орын – «Жігер» тобы (№ 7 мектеп-гемназия) ,«Балауса» тобы (№24 орта мектеп)
ІІІ орын- «Азенаки» тобы (№15 мектеп-лицей), «Индейский дозор» (№4 орта мектеп) марапатталды.