«Көңілді сайқымазақтар»
09-10-2019 19:30
«Көңілді сайқымазақтар»

      Актерлік шеберлік — адам бойындағы қабілеттерінің көмегімен белгілі бір кезең мен уақытқа тән тірі кейіп (образ) жасау өнері. Актерлік өнер шабыт күшін, қиял қуатын, ыстық сезімді талап ететін ерекше қабілет.
Осы орайда оқушылардың өз ойларын толық жеткізе білуге үйрету, сөйлеу әрекеті дағдыларын шыңдау, дүниетанымын кеңейту мақсатында 2019 жылдың 19 маусым күні Оқушылар сарайының жанынан ашылған «Балауса» жазғы демалыс орталығында «Көңілді сайқымазақтар» сайысы ұйымдастырылды.
Сайыс кезеңдері "Кім тапқыр" сұрақ – жауап сайысы,«Образды бейнеле» тапсырмаларды орындау, «Көңілді грим» белгілі балаға грим жасау сайысы, «Тақпақтар байқауы» берілген тапсырма бойынша әр түрлі стильде айтып шығу.
Жарысқа қатысушы сайыскерлер өздерінің сөздік қорын байытып, қызықты сайыстардан еш қиындықсыз өтті. Сайыс қорытындысы бойынша:
І орын - "Достық" тобы (№17 мектеп - лицей)
ІІ орын - "Көңілді сайқымазақ" (ЖБТМИ)
ІІІ орын - "Комета" (№1 орта мектеп)