«Жастар – Елбасының тірегі»
09-10-2019 19:31
«Жастар – Елбасының тірегі»

       Еліміздің тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан мақтанышы. Өйткені, Елбасының арқасында еліміз қарқынды дамып, бүкіл әлем алдында Қазақстанның абыройын көрсете алды. Сонымен қатар ол ұлт көшбасшысының саясатының арқасында қазақстандық бірлік моделі бүкіл әлем назарына түсіп, оң бағаға ие болды. Небәрі 28 жыл ішінде атқарылған іс аз емес. Жеткен жетістіктеріміз, алған асуларымыздың барлығы Елбасының айқын саясатының арқасы. Тәуелсіз Қазақстанның бағындырар белестері де алда. Осы белестерді, мақсаттарды біз тек Елбасымен бірге бағындыра аламыз. Біз, жастар әрқашан да Елбасымен біргеміз. «Жастар – Елбасының тірегі».
Осы орайда Оқушылар сарайының «Балауса» жазғы демалыс орталығының ұйымдастыруымен 2019 жылдың 17-21 маусым аралығында «Н.Назарбаев Жасампаз дәуір» ҚР Тұңғыш Президентінің тағайындалуына 30 жыл толуына орай «Қазақстан Ұлы дала елі» спорттық ойын, «Мәңгілік ел - біздің ұлы және лайықты Қазақстан!» танымдық ойын, «Ел ертеңін ойлаған Елбасы» бейнефильм көру, «Елім менің» интеллектуалды ойын, «Қазақстанға саяхат» батпырауықтар ұшыру сайысы, «Алға, Қазақстан!» флешмоб, «Менің Отаным - Қазақстан» зияткерлік сайыс, «Тарихи тағылым - Қазақ елі» брейн-ринг, «Жасампаз елдің жастары» флешмоб, «Менің Қазақстаным - менің болашағым» тас жолда сурет салу іс-шаралары ұйымдастырылды.
      Нұрсұлтан Назарбаев - халқының жағдайын тереңінен түсінетін, заманның ағымын жіті ойлайтын, әлемнің озық тәжірибесін ұтымды пайдаланып, оны ата-бабамыздан қалған асыл өнегемен әдемі ұштастырып келе жатқан озық Елбасы. Сонымен қатар, әлем мойындаған, жаһанға атағы таралған, қазақ елін әлемге әйгілі етіп жүрген бүгінгі заманның көшбасшысы, туған халқының Бәйтерегі.