"Бақытты балалық шақ"
09-10-2019 19:32

       Жаз - балалардың шығармашылық қабілетін, ой-санасын дамытып, денсаулығын нығайтатын кезең. 2019 жылдың 21 маусымы күні Оқушылар сарайының "Балауса" жазғы демалыс орталығының ұйымдастыруымен қалалық "Бақытты балалық шақ"ойын – сауық бағдарламасы өткізілді. Мақсаты: балалардың дене қимылдарын жетілдіре отырып, бірлесе қимылдауға, ауызбіршілікке жетелеу. Топпен жұмыс жасауға, ұйымшылдыққа, шыдамдылыққа, әдептілікке үйрету. Ойын "Сөз тапқанға қолқа жоқ", "Ойлан, тап", "Сен білесің бе?", "Көңілді топ " кезеңдерінет тұрды. Қорытынды нәтижесі бойынша:
І орын - №16 орта мектеп "Арыстан" тобы
ІІ орын - №5орта мектеп "Күншуақ" тобы
ІІІ орын - №9 орта мектеп "Болашақ" тобы