Музыка пәні мұғалімдерінің семинары өтті

 

 

 

18.04.2020 жылы "Балқаш қаласының білім бөлімі" ММ –нің жоспарлы жұмыстары негізінде қала мектептерінің музыка пәнінің мұғалімдерімен бірлесе отырып қашықтықтан оқыту семинары өтті. Семинарда жалпы білім беретін №16 лингвистикалық бағыттағы орта мектебінің музыка пәнінің мұғалімі Смайлова Гүлбақыт Жасымбековна "Хордағы дикция" тақырыбы бойынша әріптестерімен тәжірибе бөлісті . Оқушылармен түрлі жұмыстар "ZOOM", "Дарын онлайн", "Классрум" қосымша білім беру ресурстарын пайдалана отырып және ватсап желісі бойынша видео арқылы байланыса өткізіліп жатқаны атап өтілді. Баланың бойындағы музыкалық қабілетін арттыру жолдарындағы дауыс интонациясы, балалардың диапазоны, дауыс аппаратын шынықтыру, музыкалық репертуарды дұрыс таңдау сияқты бағыттарға мән беру керектігін оқушыларды қызықтыратын ойын тапсырмалары арқылы көрсетті.

Бұл тәжірибе алмасу алаңында мұғалімдер оқушылармен байланыс жұмыстарын жүргізудегі өз іс-тәжірибелерінің ең тиімді жолдары туралы белсенді түрде ой бөлісті.