Робототехникадан дөңгелек үстел

Робототехникадан дөңгелек үстел

Соңғы жылдары робототехника саласы қарқынды дамып келеді. Сондықтан қазіргі таңда білім кеңістігіне робототехника ғылымы саласын енгізу өте маңызды мәселе болып отыр. Робототехника оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамытуға және практикалық тапсырмаларды шеше білуге ықпал етеді, сонымен қатар бұл жастарды ғылым, техника, физика, математика арқылы жаңашылдыққа шабыттандыратын, бүгінгі күннің мәселелерін шешу үшін өз дағдыларын қолдануға, жағдайды талдауға шығармашылықпен ойлауға мүмкіндік беретін өте тартымды ғылым.

2019 жылдың 26 кыркүйегінде қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен қала мектептерінің робототехника пәнінен сабақ беріп отырған мұғалімдермен және қалалық білім бөліміне қарасты 17 мектептің директордың ақпараттық ісі жөніндегі орынбасарларымен тәжірибе алмасу мақсатында "Білім берудің сандық өзгеруі – болашақтың құзыреттілігі" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелді онлайн режимінде Қазақстан құрамасының бас төрешісі Асылбек Мурзахметов бастап берді. Ол өз сөзінде кіші және үлкен балаларға арналған VEX жиынтықтары туралы түсінік бере келе, осы роботтардың арқасында оқушылардың халықаралық жарыстарға қатысу жеңілдетілетіндігін атап өтті.

Сөз соңында, мектеп мұғалімдерін 05.10.2019ж Алматы қаласында өтетін республикалық семинарға шақырды.

Келесі бөлімде, қалалық "Робототехника" үйірмесінің жетекшісі Надирбекова А.Б. оқушыларды жарыстарға дайындау әдіс-тәсілдерімен бөлісті.

Дата: 27.09.2019, 10:43 Автор: Білім бөлімі