«Не? Қайда? Қашан» атты зияткерлік ойыны өтті

«Не? Қайда? Қашан» атты зияткерлік ойыны өтті

     08.10. 2019 күні  Балқаш қаласында «Рухани жаңғыру» мәдени-танымдық орталығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылау мақсатында «Не? Қайда? Қашан» атты зияткерлік ойыны  ұйымдастырылды.

      Ойынның мақсаты – оқушылардың, жастардың зияткерлік және мәдени деңгейін арттыру, зияткерлік әрекеттің нысандарын насихаттау,  оқушыларды  өзара байланысын нығайту және өзара байланыстыру үшін жағдай жасау.

      Аталмыш іс - шараға 4 құрама команда қатысты: « Әлихан алаштары», «Профи»  «Білгірлер» және «Аманат» командасы.  Мұнда «Білгірлер» деп  аталатын  команда 5 ойыншыдан құралды. Олар 10 сынып оқушылары : Майхы Диляра, Серғазықызы Назым, Сейлғазин Батырхан, Келдібеков Нұрбол, Мархаматова Насима. Жетекшісі: аға тәлімгер Кунарбекова Кымбат Майдановна . 

    Жүргізуші  қойған кез келген сұраққа «Білгірлер» командасы  бір минут ішінде ой-талқы көмегімен дұрыс жауап  іздеді. Ойын барысында оқушылар география пәнінің алған білімдерін  жақсы көрсете білді.  «Қазақстан географиясын» білімін насихаттау барысында   ойын 3 кезеңнен тұрды. 1- ші кезең «Тарихи тұлғалар»,   «Әлем сұрақтары», «Логикалық сұрақтар»   Ойын оқушыларды  толықтай қамтыды, аудиторияда бәсекелестік рухы  және  жеңуге деген құлшыныс орнады. Бірақ зияткерлік ойында болатындай, ақыл және достық жеңді, бірінші орынды «Профи» құрама командасы жеңіп алды. «Білгірлер» командасы алғыс  хатпен  марапатталды. Жеңімпаздар мадақтама қағаздарымен және   сыйлықтарымен марапатталды.Оқушылар  күнді жақсы көңіл-күймен өткізді, ұйымдастырушыларға алғыс білдірді және осы келесі кезеңде өткізілетін келесі зияткерлік ойынға деген көңіл-күймен күнді қорытындылады.

Дата: 8.10.2019, 17:31 Автор: №5 ОМ