7 сыныптары арасында «Дарабоз» интеллектуалды сайысы өткізілді...

7 сыныптары арасында «Дарабоз» интеллектуалды сайысы өткізілді...

 

  11 қыркүйек күні №2 мектеп-интернатында «Тіл тұтастығы – ел тұтастығы» атты өтіп жатқан тілдер апталығы аясында 7 сыныптары арасында «Дарабоз» интеллектуалды сайысы өткізілді. Қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі Мухаметжанова Ф. А. ұйымдастыруымен өткізілген сайыс «Білімділер», «Ойшылдар», «Тапқырлар», «Талаптылар» топтары болып өз білімдерін сынасты. Ой-өрістері, тілдері, ойлау қабілеттерінен таласа жарысты. Оқушылардың өз ана тілі, салт-санасына деген жауапты сезімдері байқалды. Топпен бірлесе отырып ой-ұшқырлықтарын көрсете білді. Ойларын еркін жеткізіп ана тілінде сөздік қорларын танытты. Сайыс соңында ұпайлары саналып, жеңімпаз топ «Ойшылдар» тобы болып анықталды.

Дата: 11.09.2019, 15:14 Автор: Мектеп-интернат №2