ЖИТС орталығының мамандарымен «АИТВ/ЖИТС-тен қорғану өз қолыңда» атты кездесу өтті...

ЖИТС орталығының мамандарымен «АИТВ/ЖИТС-тен қорғану өз қолыңда» атты кездесу өтті...

 

   7 қазан күні М. П. Русаков атындағы №2 санаторлық мектеп-интернатында ЖИТС орталығының мамандарымен «АИТВ/ЖИТС-тен қорғану өз қолыңда» атты кездесу өтті.

Кездесуге мектебіміздің 8-9 сынып оқушылары қатысты. Кездесу барысында мамандар баяндама оқып, осы баяндама аясында бейнетаспа көрсетілді, таратпа ақпараттар таратылды. Баяндаманың мақсаты: Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі ЖИТС дертінің алдын-алу, оның жұғу жолдарын одан сақтана, қорғана білу туралы түсіндіру. Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Оқушыларды жаман әдеттен аулақ болуға, адамгершілікке, инабаттылыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.

Дата: 8.10.2019, 15:56 Автор: Мектеп-интернат №2