«Reading time» жобасы аясында «Кітап әлемді бағындырады» атты оқырман сағаты болып өтті...

«Reading time» жобасы аясында «Кітап әлемді бағындырады» атты оқырман сағаты  болып өтті...

 

  8 қазан күні М. П. Русаков атындағы №2 мектеп-интернатында «Reading time» жобасы аясында сағат 16-30 да «Кітап әлемді бағындырады» атты оқырман сағаты  болып өтті.

Осы кезеңде  мектеп оқушылары бірдей уақытта кітап оқуға кірісті. Бұл жобаның мақсаты – оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, сондай-ақ ой-өрісін, сөздік қорын молайту, ақпараттық дүниетанымын кеңейту болып табылады. 

«Өзіндік дайындық» басталмас бұрын ұйымдастырылған бұл жоба оқушылар үшін өте тиімді және қызықты болды, бұл жоба әр сейсенбі сайын осы уақытта өз жалғасын таппақ. 

 

Дата: 9.10.2019, 11:16 Автор: Мектеп-интернат №2