«Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы!»

«Ұстазы  жақсының - ұстамы жақсы!»
 
        «Ұстазы  жақсының - ұстамы жақсы!» мерекесі  аталып өтті.  Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, адамгершілік рухта тәлім – тәрбие беріп, жақсы қасиеттерді бойына дрытуда ұстаздың еңбегі зор. Жаңа оқу жылы ұстаздар қауымы үшін үлкен мереке. Қазан айының бірінші аптасы ұлық қызмет иелері мұғалімдеріміздің кәсіби мерекесі. Мереке қарсаңында еліміздегі әрбір мектептер мен оқу орындарында мерекелік  бағдарламалар өткізілді. Осыған орай Оқушылар сарайының ұстаздарымен тәрбиеленушілерінің ұиымдастыруымен «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы!» атты мерекелік концерттік бағдарлама өткізілді.  Мерекені  Оқушылар сарайының  директоры Кузьмина Алла Владимировна құттықтауымен ашылды және де оқ бойы  озған ұстаздарды Балқаш қаласының білім  бөлімі басқармасы мен кәсіподақ ұйымының құрмет  грамотасымен марапаттады. Оқушылар сарайына еңбегі сіңген ардагер ұстаздар жылы лебіз тілектерін білдірді. Әрі  қарай мереклік концерттік бағдарламаға ұласты.
Дата: 9.10.2019, 20:14 Автор: Оқушылар сарайы